Компанияны басқару қағидалары. 10 пункттері (шығармашылығы)
Жобалау – бұл шынайы шығармашылық іс.
Шығармашылық іс қоғам игілігіне, әлемге және Жер бетіндегі және кеңістіктегі қоршаған ортаны сақтау мақсатында қызмет ету керек.
Қалажобалауы, сәулет өнерінің және өнеркәсіп объектілерінің жобалауы адамның рухани дамуына үлес қосуы тиіс.
Шығармашылық мемлекеттер мен адамдарды біріктіреді.
Шығармашылық адамдар өміріне бақыт пен бейбітшілік әкелуі тиіс.
Шығармашылық нәтижелері – келешек ұрпақтарға қалатын мұра.
Шығармашылық шындық қағидаларына негізделіп, табиғат заңдылықтарына сай болу керек.
Әр адам саналы өмірінде шығармашылық ой, даналық пен білімге құштар болумен қатар, адам табиғатын түсінуге ұмтылып және осы жолда өзінің бар мүмкіндігін пайдалануы тиіс.
Көрсетілген қағидаларды қабылдау жігерлі, өмірге ашық көзқарасы қалыптасқан, шыншыл және білімге құштарлығымен маңындағыларға махаббат сыйлай білетін адамды құрметтеу болып табылады.
Шығармашылық істің нәтижесі, ең алдымен өмірді оның барлық жағынан жақсартып, болашақ шығармашылық істерге арқау болып, қоғамға жаңа табыстар әкелуі тиіс.